Талай сөз бұдан бұрын көп айтқанмын
- 0
- 7
Талай сөз бұдан бұрын көп айтқанмын,
Түбін ойлап, уайым жеп айтқанмын.
Ақылдылар арланып ұялған соң,
Ойланып түзеле ме деп айтқанмын.
Бұл бетте «Көңілдің күйі тағы да» атты Абай Құнанбайұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Талай сөз бұдан бұрын көп айтқанмын,
Түбін ойлап, уайым жеп айтқанмын.
Ақылдылар арланып ұялған соң,
Ойланып түзеле ме деп айтқанмын.
Лай суға май бітпес қой өткенге,
Күлеміз қасқыр жалап, дәметкенге.
Сол қасқырша алақтап түк таппадым,
Көңілдің жайлауынан ел кеткен бе?
Өлсе өлер табиғат, адам өлмес,
Ол бірақ қайтып келіп, ойнап-күлмес.
„Мені" мен „менікінің" айрылғанын
„Өлді" деп ат қойыпты өңкей білмес.
Арғы атасы қажы еді
Бейштен татқан шәрбәтті.
Жарықтықтың өнері
Айтуға тілді тербетті.
Кешегі Оспан ағасы
Кісінің малын жемепті.
Мал сұраған кісіге
Жоқ, қайтемін демепті.
Кешегі өткен ер Әбіш
Елден бір асқан ерек-ті.
Жүрегі — жылы, бойы — құрыш,
Туысы жаннан бөлек-ті.
Шыңғыс
Өте жақсы
Жаман
Ппппп