Өзбекәлі Жәнібеков

Бұл бетте «Өзбекәлі Жәнібеков» атты Лұқпан Сисекенұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.06.2019
  • 0
  • 0
  • 5048
Ел сүйген асқақ сезім армандардай,
Жүрмедің қара бастың қамын ойлай.
Бабалар басып өткен іздерінен,
Қастерлеп саз балшықтан соқтың сырнай.
Бас болып әрдайымда ардақты іске,
Ата-салт қағидасын салып еске.
Жинадың мол мұрасын ата-жұрттың,
Күйі боп күмбірлеген ұлы көште!
Қорған боп бар күшіңмен Отаныңа,
Бәрінде жеткізсем-деп,ұрпағыңа.
Әйтеуір ұлтың үшін көз ілмедің,
Сескенбей жүзе біліп қарсы ағынға.
Бас имей зомбылықтың өткелінде,
Шарпылмай қызыл дауыл өрттеріне.
Ой салдың тектілікпен жалын құйып,
Дауылда қорқақ құстай үрпигенге!
Бар Алаш қадір тұтып бас иетін,
Ерекше болды өзіңдік қасиетің.
Жол тартып түп тамырдан келер күнге,
Жатқа айттың әулиелердің өсиетін!
Әрдайым таза болсаң ар алдында,
Тылсым күш қуат бермей тұра алдыма.
Халқыңды өзің сүйген сағындырып,
Айналдың Арыстан Баб шырағына!
Бауырым бара қалсаң дұғаңды оқы,
Алаштың асыл ұлы жатыр мұнда!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өзбекәлі Жәнібеков өлеңінің авторы кім?

Лұқпан Сисекенұлы — осы өлеңнің авторы.

Өзбекәлі Жәнібеков өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өзбекәлі Жәнібеков өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Лұқпан Сисекенұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өзбекәлі Жәнібеков өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері