Ағзам тәжік аузынан – Хамит Ерғалиев

Бұл бетте «Ағзам тәжік аузынан» атты Хамит Ерғалиев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.03.2022
  • 0
  • 0
  • 751
— Бағы-бағы замандардан бар Вахш,
Пан.тәкаппар Памир тауды барлағыш.
Сан мезгілдің соған салған қолқасы:
«Етектегі ерке гүлді бар да құш!»
Вахш талай қысты таудан құлатты,
Жауыр жаздың жотасына тоң артты.
Көк тастарды көбелектей ұшырып,
Топан суға бау-бақшаны тонатты.
Түні ұйқыдан адам cepгiп болғанша,
Қышлақты да ұрлап кеткен ол қанша?!
Күллісін-ақ айтар еді-ау күңіреніп,
Kәpi куә — мүкті шатқал толғанса!..
Ecкіредi деп, ол тарихты жүректе
Ендігінің сақтамауы керек пе?..
Ағзам атты жас тажіктің cөзi бұл
Қазақтарға қауын тілген Нүректе.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ағзам тәжік аузынан өлеңінің авторы кім?

Хамит Ерғалиев — осы өлеңнің авторы.

Ағзам тәжік аузынан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ағзам тәжік аузынан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Хамит Ерғалиев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ағзам тәжік аузынан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері