Атыраудағы көктем – Табылды Досымов

Бұл бетте «Атыраудағы көктем» атты Табылды Досымов жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 09.06.2019
  • 0
  • 0
  • 3758
Құлағымда құс әні қалып,
Тереземнен кепкенде қырау.
Қуанышын құшағына алып,
Келіп қапты көктем де мынау.

Бойы балқып мөлдір ағынға,
Буырқанып жатыр-ау далам.
Тереземнің арғы жағында,
Қол бұлғайды Атырау маған...

Көктемеден бір хабар аңсап,
Жүрегімнің оты лаулайды.
Көк жүзінде тырналар ән сап,
Тыраулайды...Атыраулайды...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Атыраудағы көктем өлеңінің авторы кім?

Табылды Досымов — осы өлеңнің авторы.

Атыраудағы көктем өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Атыраудағы көктем өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Атыраудағы көктем өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері