Болжам – Табылды Досымов

Бұл бетте «Болжам» атты Табылды Досымов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1639
Әр ақынның өмір жолы әр қалай,
Біраз жерден бұйырған-ды дәм талай,
Ат салысып жүргеннен соң өнерге.
Қаншама рет бармақ болып асырғанмен айламды,
Әйтеуір бір сәті түспей қойған-ды,
Түрме менен жындыхана дейтін мекемелерге.

Кенет бір ой сап етті санама,
Кіріп бардым сосын жындыханаға,
Айды бір-аұ шығармақ боп аспанға.
Жынды біткен тас дуалдың ар жағынан бір қабат,
Сау адамның көздерімен тұр қарап,
Көшедегі ығы-жығы кілең есуастарға.

Олар құсап ойлануға миымның,
Жетпей аздық қыларына күйіндім.
Күйіндім де теріс бұрдым бетімді.
Кілең жынды көшедегі мына бізді көргесін,
Тірлік кешкен тиын санап пендешіл,
Сол баяғы кездеріне ұялатын секілді.

Алып ұшқан құмарлықпен бір керім,
Қақтым барып дарбазасын түрменің.
Көңілімнің табылар деп қалауы.
Топырлаған кілең тұтқын тор ішінде-тозақта,
Күлді мені айналдырып мазаққа,
Көздерінде еркіндіктің, бостандықтың алауы.

Әлгілердің мазағына шыдамай,
«Мен- тұтқынмын! – деп шыңғырдым, - Құдай-ай»
Шыңғырды да тасқа соқтым қайламды.
Көз алдымда Жердің шары ғаламның бір бөлшегі,
Секілденді концлагердей еңселі.
Түрме болса азаттықтың аралына айналды.

...Егер де сен қарар болсаң ғарыштан,
Жарылып-ақ кетер едің намыстан.
Жердің шары ұқсайды алып түрмеге.
Жерде туып, Жерде өсіп, Жерде өмірін тәмамдар,
Сол қапастан шыға алмайтын Адамдар,
Мұңдылар ма, жындылар ма, бірдеңе...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Болжам өлеңінің авторы кім?

Табылды Досымов — осы өлеңнің авторы.

Болжам өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Болжам өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Табылды Досымов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Болжам өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері