Құрметтеңдер, жиырмасыншы ғасырды – Мұқағали Мақатаев

Бұл бетте «Құрметтеңдер, жиырмасыншы ғасырды» атты Мұқағали Мақатаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Біздер жүрміз дер кезінде туылып,
Суға түсіп, отқа өртеніп, жылынып,
Жетімдердің ұясына тығылып,
Жесірлердің көз жасына жуынып,
Әйтсе дағы, дер кезінде туылып!
Біздер мына дәуірменен бірге өстік,
Қарап соның қабағына, күн кештік.
Уақыттың үніменен тілдестік,
Уақыттың көшіменен бір көштік.
Адамзатты қорғай жүріп, қаң бастық,
Адамзаттың азғынымен арбастық.
Аласаиран арпалыстан аман қап,
Адамзаттың өмірімен жалғастық.
Бұл дәуірдің бетін біздер ашқанбыз,
Болашаққа солай қадам басқанбыз.
...Біздер - әлі жан баспаған асқармыз,
Біздер - әлі жазылмаған дастанбыз.
Біз жараттық мынау ғажап ғасырды,
Тарихы оның біздерменен ашылды.
Біздің мына қолтаңбамыз басулы.
Құрметтеңдер, жиырмасыншы ғасырды


Пікірлер (3)

Ұзақбаев Алихан

Мына өлеңдер керемет екен. Маған ұнады.

Гүлсезім.

Өте жақсы!

Айсана

Мұқағали Мақатаевтың Құрметтеңдер, жиырмасыншы ғасырды өлеңі ұнады

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Құрметтеңдер, жиырмасыншы ғасырды өлеңінің авторы кім?

Мұқағали Мақатаев — осы өлеңнің авторы.

Құрметтеңдер, жиырмасыншы ғасырды өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Құрметтеңдер, жиырмасыншы ғасырды өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мұқағали Мақатаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Құрметтеңдер, жиырмасыншы ғасырды өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері