Сен кімсің? – Табылды Досымов

Бұл бетте «Сен кімсің?» атты Табылды Досымов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.06.2019
  • 0
  • 0
  • 3353
Қарттардың тыңдай - тыңдай сөзін кілең,
Өзіңді, сөзіңді ойлап көз ілдірем.
Бұл елдің досысың ба, қасысың ба,
Сен кімсің?
Ұға алмадым өзіңді мен!

Дарын болсаң ажалмен қолұстасып,
Әдетпе еді басқадан бұрын құлау?
Жарты тұтам тірлікте шалыс басып,
Сүріндің - ау, қайтейін, жығылдың-ау.

Кесті ме әлде, жолыңды қара мысық,
Сүттей таза едің ғой күріштей ақ...
Жұрт жығылып жатқанда шарап ішіп,
Жығылдың - ау, қайтейін, дым ішпей-ақ...

Сені біреу айтады желөкпе деп,
Ақиқатқа жететін дерек керек.
Тәрк еткенің рас па бұл өмірді,
Досың айтқан бір сөзге бола өкпелеп?!

Мен сендей кесапатқа кездеспедім,
Әй, қайдам, кездескенде төзбес те едім.
Шындық па "орда бұзар отызында"
Түңіліп бұ дүниеден баз кешкенің?...

Аштың ба кісеніңді сермеп, үзіп,
Қаштың ба шыныменен керме бұзып?...
Сені банды деп алып, әндеріңді,
Шырқайды,
Осы біздің ел де қызық...

Азаптанарыла алмайтірісінде,
Қалып қойып қаптаған мұң ішінде.
Қолынан құзғындардың қаза болған,
Аяулы арыстардың бірісің бе?

Заманның пірі менен перісін де,
Ұға алмай,
Түсіп кеткен теріс үнге.
Халқының қасиетін әнге қосқан,
Сайраған сары түзде серісің бе?
Сен кімсің?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сен кімсің? өлеңінің авторы кім?

Табылды Досымов — осы өлеңнің авторы.

Сен кімсің? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сен кімсің? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Табылды Досымов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сен кімсің? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері