Замани зар – Табылды Досымов

Бұл бетте «Замани зар» атты Табылды Досымов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.06.2019
  • 0
  • 0
  • 5294
(Шымыр Қармановқа)

Октябрь таңы арайлап атты,
Нұрлы еді қандай таңғы қыр,
Шапағын шашты большевиктердің
Жалауларындай қан қызыл.

Тамаша таңмен таласа тұрып
Жарасты қанша сан тағдыр,
Тамаша таңмен таласа тұрып
Адасты қанша сан ғұмыр...

Алма апам құсап шашын кескендер
Сайтан ой улап санасын,
Айырған шақта «Алашым» деген
Азаматтардың арасын.

Қазақтың өңкей сұлу қыздарын
Жинап ап Сәкен серілер
Қымызын ұрттап қызойнақ қылды
Қаз ЦИК-тің мейрамханасын...

Асау ұлдары аспанға тарпып.
Арманға жетпей ту асқар,
Төрт-бес жандығын ТОЗ-ға сап тозып,
жүнжіп кеткенде жуастар,

Қайын атасын кәмпескелетіп,
көк етік киіп бәлденді,
Ауызы асқа жарымай өскен
«шұлғаудан шыққан шуаштар».

Маңдайға жазған болмыстың заңы:
«Қазаққа ғана қазақ қас»
Сондықтан зармен табақтас бол да
Азапты мініп тозаққа ас.

Терегің қурап, текті ерің тулап,
«Итжеккенге» асып кеткенде,
Теңселген елге сен төре болдың
Тексізден туған тезек бас!

Со бір тексіздер дастарқандарды
Теуіп бір кетсе төрден кеп,
Жарамсақ қулар жүйткіді талай
Мәскеуден ұшқан орден боп...

Қара «ЗИМ»-дердің ала шаңдағын
Шампанмен жуып тазартып,
Төрелерге арнап құлын сойғандар
Тірі жүр әлі, өлген жоқ...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Замани зар өлеңінің авторы кім?

Табылды Досымов — осы өлеңнің авторы.

Замани зар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Замани зар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Табылды Досымов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Замани зар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері