Дос – Табылды Досымов

Бұл бетте «Дос» атты Табылды Досымов жазған достық туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 10.06.2019
  • 0
  • 0
  • 4918
(Т. Досановқа)

Жеті жастан бірге өстік,
Болды-ау талай білместік.
Бірімізді біріміз,
Сыйласумен күн кештік.

Адалдықты мақтан қып,
Армандарға аттандық.
Кейде бірге жабырқап,
Кейде бірге шаттандық.

Көкіректі досқа ашып,
Күндеспедік қастасып ...
Бала дәурен қалды артта,
Бізбен қимай қоштасып.

Тарау жолдар не түрлі,
(Түспесін тек екінді)
Бір сапарда келеміз,
Қос жолаушы секілді.

Сапар қанша алда әлі?
Қиын тағдыр жолдары.
Екеумізді екі жол,
Айырмаса .., болғаны.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Дос өлеңінің авторы кім?

Табылды Досымов — осы өлеңнің авторы.

Дос өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Дос өлеңі не туралы?

Бұл шығарма достық туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Дос өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері