Жар суретіне

Бұл бетте «Жар суретіне» атты Сапарғали Бегалин жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2009
Қайта-қайта мен қараймын
Суретіңе сенің келген.
Жарқын өңді таба алмаймын,
Келбетің тұр мүлде өзгерген.
Дерсің соғыс әжімі ғой
Ауыр күнде салған ізін.
Бар сияқты тағы бір ой,
Суық, суық, рас жүзің.
Күтем, күтем, жан жүрегім,
Ынтызарым жалғыз өзің.
Аман қайт тек бар тілегім,
Жоқ қой менде басқа сезім.

1942


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жар суретіне өлеңінің авторы кім?

Сапарғали Бегалин — осы өлеңнің авторы.

Жар суретіне өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жар суретіне өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сапарғали Бегалин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жар суретіне өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері