Тың тұңғышы

Бұл бетте «Тың тұңғышы» атты Сапарғали Бегалин жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1538
Тың құнары жатты бұғып тереңде,
Дегендей - ақ "оңайлықпен берем бе?"
Қалың қыртыс, қау өсімдік қалқалап,
Дала барын қымтай берді тереңге.
Тасқын қайрат жаңа күшпен асқанша,
Жас алып қол жетіп тұқым шашқанша,
Асыл дәнді алқабына қондырып
Миллиардтың мол өнімі басқанша.
Тобыл бойы тозаң көшіп безеріп,
Шөбі қурап, жаз шаңытып кезеріп, —
Жатқан алқап егіс болып ырғалды
Дән толықсып жаңа өмірмен безеніп.
Түңғыш дәні тыңның балқып толғанда
Комбайншы Қайсар бастап орғанда,
Бір бөбектің іңгәлаған шықты үні,
Туды тұңғыш жас ұяда сол маңда.
Тыңның дәні, тыңның ұлы далада,
Туды құрдас жаңа түскен қалада,
Атын Тыңбай қойды ұланның ырымдап,
Тың түрленді, туды тыңшыл бала да.
Аты Тыңбай тыңда туған тұңғыштың,
Жас ананың жанарында тұрды ұшқын.
Гүл бөбегі дән байлығы толықсып,
Шалқиды үні шадыман әсем тұрмыстың.
Тобыл бойы той боп күнде дулайды,
Қынаменде ән менен би тыңбайды.
Балаларға салған жаңа бақшада,
Тың тұңғышы көрдім биыл Тыңбайды.
Элеватор зәулім асқар сарайды,
Тамашалап Тыңбай күнде қарайды.
"Меніменен құрдас дәннің қоймасы"
Деп те Тыңбай миллиардқа өзін балайды.

1958


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тың тұңғышы өлеңінің авторы кім?

Сапарғали Бегалин — осы өлеңнің авторы.

Тың тұңғышы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тың тұңғышы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сапарғали Бегалин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тың тұңғышы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері