Ой мен сезім озаны – Светқали Нұржан

Бұл бетте «Ой мен сезім озаны» атты Светқали Нұржан жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2090
Әр сөзімнің астында жатса деп ем жымдасып,
Сезім менен ақыл-ой бір-бірімен мұңдасып.
Айтқанына ақылдың сезім шіркін көнбейді,
Бітуажа болам деп бейшара тән терлейді.
Шарпысқанда екеуі — арасынан шығып от,
Екеуінің бір-бірін аңдымайтын күні жоқ.
Шеке тамыр білеудей, басым, міне шарадай,
Болып жүрмін қазір мен қой аурулы баладай!..
Сезім нағыз серігі дегенменен ақынның,
Салт құратын Заманы құсайды бұл ақылдың.
Миым биік тұрғанға атқарғандай міндетін,
Жүрегіме салмағын түсіреді күнбе-күн.
Қанша тентек болса да титтей жүрек шаршады,
Жиі-жиі, құдай-ай, қатты-қатты шаншады.
"Сөзін айт деп Жүректің!" — Тілге берген тапсырма,
Қандай уәж қайтарам дана Абайдай тақсырға?
"Тек жүректен таза Ақыл шығад!" — депті бір Алла,
Құриды әлім — сілтеме жасай алмай Құранға.
Сондықтан ба, бүгінде Ми билейді Жүректі,
"Ақылды адам" атанып сүреді өмір кіл епті.
Шалажансар сезімді содан батпан Зіл басып,
Ой астында жатады өзді-өзімен мұңдасып.
Мен де ендеше шыдайын — езсін жанды жүк қанша! —
Тар кеудені Сезімім тас-талқан ғып шыққанша!

1984 ж. Шынжыр қыстағы


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ой мен сезім озаны өлеңінің авторы кім?

Светқали Нұржан — осы өлеңнің авторы.

Ой мен сезім озаны өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ой мен сезім озаны өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Светқали Нұржан өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ой мен сезім озаны өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері