Тағы бір хикая – Светқали Нұржан

Бұл бетте «Тағы бір хикая» атты Светқали Нұржан жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1380
Түн күркіреп, жалт ойнап тұр аспанда,
Есірік жел емінеді жас талға.
Ойналғандай түрлі-түсті музыка —
Бүкіл ғалам бір әуенге басқанда.
Кәрі ағаштар түршігеді тұлданып,
Жалаңаш тал күрсінеді мұңданып.
Жапырақ шаш, ақ көйлекті қайың - қыз
Әлгі әуенге билеп жатыр жынданып.
Тіршілікті тәрік қылып былайғы,
Билеп жатыр ақ қайың қыз шырайлы.
Шашын сілкіп, жел - сезімнің ырқымен
Зау теректің құшағына құлайды.
Әлдеқайдан уілдеді үкі - мұң,
Кіл жарықшақ. Естілмейді бүтін үн.
Терек — желден қорғаған боп қайыңның
Қысып қойды солқылдаған мықынын ...
Жел басыла болған істі пайымдап,
Сыпсыңқасып әлгі оқиға жайында —
Тұрды ағаштар бас шайқасып, Теректің
Аяғында сұлап жатқан қайыңға.
Тек, тал, шілік азалады қайынды ...
Дәл сол түні бақ ішінде жай ұрды:
Ағаш тілін адамдарға аударып
Бермек болған есалаңдау шайырды ...

1988 ж.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тағы бір хикая өлеңінің авторы кім?

Светқали Нұржан — осы өлеңнің авторы.

Тағы бір хикая өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тағы бір хикая өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Светқали Нұржан өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тағы бір хикая өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері