Теңіз. Кеш – Светқали Нұржан

Бұл бетте «Теңіз. Кеш» атты Светқали Нұржан жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1803
Атырау теңіз ақ байыр - Атырау - арман,
"Жеті қарақшы" ақ нұрды сапырады алдан.
Бозарып отыр Ай - ару,
Жұлдыз моншағын,
Түсіріп алып теңізге қапыда қалған.
Қайтадан шықты ақ моншақ жұтылып барып,
Отыр-ақ еді кеш бойы күтініп, бағып.
Айдың моншағын өңірге жұтынып тағып,
Бәлекей - теңіз күлді кеп сықылық қағып.
Шадыман теңіз жағаны үлбіреп өпті,
Күлдіре көкті — жан сырын білдіреді епті.
Шолжың сіңлінің қылығы жанына жақпай,
Шымылдық - бұлтқа Ай - ару кірді де кетті.
Өзіңдей мен де қашаннан асылға зармын,
Асылымды іздеп басты сан жасынға жардым.
Мендегі қайғы сенің де басыңда бар мұң,
Қызығын көріп қалмақпын жасымда жардың!
Аспандағы айдың қол созбай шымылдығына,
Жанымда жатқан теңіздің қасында қалдым. 


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Теңіз. Кеш өлеңінің авторы кім?

Светқали Нұржан — осы өлеңнің авторы.

Теңіз. Кеш өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Теңіз. Кеш өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Светқали Нұржан өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Теңіз. Кеш өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері