Халық па сол да? – Светқали Нұржан

Бұл бетте «Халық па сол да?» атты Светқали Нұржан жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 18.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1353
Халық па сол да - соңында үні қалмаған!
Өз өркендерін өздері тірі жалмаған.
Салдақы сатқын сол болар, бабаның ділін,
Белінен тамған тамшыға сіңіре алмаған.
Ордамды қанша озбырлар қиратқаны анық,
Сұрармын кеткен құнымды сиратқа барып.
Пұт - құдайларды қиратқан хас мұсылмандай,
Жұтқы байларды лақтырсақ сирақтан алып.
Heгe мен ғана тартамын азаптың зарын,
Кешпекпін неге, арсыздың мазақ қылғанын?
Қазақтың қамын жемеген желөкпе тобыр,
Неліктен жеуге тиісті қазақтың нанын?!
Алып ем нәрем халқымның қанбай жырынан,
Дабысы қалды тек қана таңдайда ұлыған.
Борбай құлынан, мансаптың нән маймылынан,
Қорғауым керек арымды қандай да ұрыдан.
Атады қашан даламның ақсырға ән таңы?
Шығарам қашан шыңына пәк сырды арқалы?
Табыт – түнекке,
Ұлтымның сүлдесін таптап,
Сіңіп барады талтаңдап, тақсырлар Табы.
Қаңды жас төгеді шығып ап қия бетке айым,
Атады кімді жұлдыздар ұялы оқтайын.
Сүлделер өріп баратын Құдай - Сотына,
Қалғаны хақ па, жақындап, қияметқайым?
Құдайсыз тобыр сол сотта құнығы қанып,
Тозақтың түрмелерінде шыбыны жанып,
Отырар ма екен шыға алмай тырдай жалаңаш,
Халқымның мүрделеріне тығылып алып?
Қарғыстың қара таңбасы кейіптерінде,
Шойын құлақтар жүр, жандары сейфтерінде.
Көкірегінен Сүлдемнің тұтанар бір күн,
Сөнбеген шырақ бабамның бейіттерінде.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Халық па сол да? өлеңінің авторы кім?

Светқали Нұржан — осы өлеңнің авторы.

Халық па сол да? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Халық па сол да? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Светқали Нұржан өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Халық па сол да? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері