Биылғы көктем – Светқали Нұржан

Бұл бетте «Биылғы көктем» атты Светқали Нұржан жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 18.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1838
Биылғы көктем ғажап-ақ келді,
Саңқылды самал тазалап демді.
Жаратып келді жаздың тойына,
Күлтелеп жалын қазанат белді.
Ерекше келді биылғы көктем,
Құс болып сәуле құйылды көктен.
Қиқулай өтіп қиырды көктеп,
Қуаныш жетті құйынды лекпен.
Көлде - мұз,
Көкте ай шатынасқанда,
Мерт болар едім қапы басқанда.
Сақырлай қайнап,
Жіберді кенет,
Қақпағын көлдер атып аспанға!
Қырқаны қымтап, мыңғырып малы,
Кешегі қату күңді ұмытқаны.
Тауық – түн, туып күн - жұмыртқаны,
Оятты таңды шыңғырып қаны.
Бөрі - бөктерлер боз ай бөктерген,
Таудың сүйегін қажайды еппен жел.
Балапан күннің тұмсығы тисе,
Қағырдың суы көз әйнектенген.
Алынып кісен шідерлеп келген,
Жас шығып кетті жігерлектерден.
Жаңбырдан соңғы кемпірқосақ тұр,
Кереге - тауға кілем боп керген.
Көктемнің оты тұтады, әлемет,
Көк жасыл жалын жұпар ала кеп.
Қария – қырлар, сыпа - дала боп,
Жапанның бәрі жұпа қара көк!
Ғажап-ақ келді биылғы көктем,
Тазалап демді қиындық өткен.
Құйын - жүректен күйім дір еткен:
"Көз тимегей!"-деп сиындым еппен.
Жұлдызы жанып даулап терегім,
"Үркер" тұр әлі даулап керегін.
Түн тамырынан саулап қорегім,
Жауған жұлдыздан жаурап келемін!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Биылғы көктем өлеңінің авторы кім?

Светқали Нұржан — осы өлеңнің авторы.

Биылғы көктем өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Биылғы көктем өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Биылғы көктем өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері