Тірлік – Светқали Нұржан

Бұл бетте «Тірлік» атты Светқали Нұржан жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1255
Алдында мынау фәни — тыр жалаңаш,
Шығарып тілін маған сиқын ашты.
Мұқағали

Мен деген кім? —
Жүрген сүлде кескінмін,
Хайуан текті кейіпке енген қан ысып.
Тіршілікке келгенімді кеш білдім,
Ит - нәпсінің сілекейіне жабысып.
Білгенімде не істер едім? —
Ештеңе! —
Жын — ұрықтың талайы өткен шұбырып.
Аман - есен қаламын деу — бос дәме,
Тіміскі түн назарынан тығылып.
Ит - нәпсіден жаралғанмен,
ит құсап
Үре алмаймын,
Сүрем! — дедім адамша.
Көзімді ашсам:
аяр күлкі, құйт-құшақ
Жетіп кепті Тірлік атты Бадамша.
Көзімді ашып алғандағы Бейненің
Алапатын айта алмай Жан,
күйрер жыр.
Тыр жалаңаш,
Шешіп тастап көйлегін
Ұятыма тілін тығып билеп жүр. 
Жанарымды жұма қойдым жалма - жан,
Кет, пәлекет!
Аулақ! — деуге үлгермей.
Медет, шафқат тілемек ем Алладан —
Кәлимаға қойғаны ғой тіл келмей.
Елес болып есімді алған Көлгір Өң
Қиял отын тұншықтырды бықсық қып.
Әуен едім Әйнек сынды,
Мөлдір ем,
Долы Тірлік даусы кетті быт-шыт қып.
Нәзіктіктің жанарына күл шашып,
Шұлғау қылып Сұлулықтың лыпасын;
Көзімді ашпай қойсам да Әлем кір сасып,
Құлағымды бұрғылайды топас үн.
Қорықпадым, ал тап соның кәрінен!
Көп болса әлгі ...
Сұқ саусағын шошайтар! —
деп шыдамай көзімді ашып алып ем:
Шешінгелі жатыр тағы,
О, Сайқал!.. 


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тірлік өлеңінің авторы кім?

Светқали Нұржан — осы өлеңнің авторы.

Тірлік өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тірлік өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Светқали Нұржан өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тірлік өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері