Жылымық – Өтепберген Ақыпбекұлы

Бұл бетте «Жылымық» атты Өтепберген Ақыпбекұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 24.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1619
Қыс. Астана…
Күн жылы,
Ашық –
Аспан түндiгi.
Жаймашуақ,
Жайдары,
Бiр күнiнен бiр күнi.

Қар – мұз болып қатқандай,
Мұз – жiбiдi тас-маңдай.
“Қарлы жаз”- деп мәз болдық,
Керемет сөз тапқандай.

“Бұл аз күнгi жылымық,
Жылымықтың сырын ұқ!..
Шыға келер ертең-ақ,
Күн қабағы құбылып.”-

Деп ескерттi үлкендер,
Бiрақ, көрмей кiм сенер?
Шалпылдатып су кешiп,
Кездi ұмыттық бүрсеңдер.

Астанада…
Ақпанда:
Ерiп кеттi ақ қар да.
Жылымыққа – жылынып,
Бөрiктi аттық аспанға…


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жылымық өлеңінің авторы кім?

Өтепберген Ақыпбекұлы — осы өлеңнің авторы.

Жылымық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жылымық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Өтепберген Ақыпбекұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жылымық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері