Жүректің қылын шертетін – Айтуар Өтегенов

Бұл бетте «Жүректің қылын шертетін» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2095
Жүректің қылын шертетін,
Неге отсың әнді бастамай,
Серпілтіп топты тастамай,
Есейіп кеткен ерте тым,
Күлімкөз қарындастар-ай!
Жарқырап әне ашық ай,
Кеудесін кере ашты аспан.
Ұғысқан, үнсіз достасқан,
Қалмасын көңіл тасымай,
Бүгінгі кеште бас қосқан.
Аяма өнер асылын,
Қарттарыңның да бұл күні,
Қағылмай кетсін кірпігі.
Тыңдасын өлкем жас үнін,
Көбейтіңдерші күлкіні.
Сымбатты сәнмен өте бір,
Толсыншы көлдер қаздарға,
Толсыншы жүрек наздарға.
Көктемнің қандай екенін,
Ұғындырайықшы жаздарға.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жүректің қылын шертетін өлеңінің авторы кім?

Айтуар Өтегенов — осы өлеңнің авторы.

Жүректің қылын шертетін өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жүректің қылын шертетін өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтуар Өтегенов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жүректің қылын шертетін өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері