Досқа наз – Айтуар Өтегенов

Бұл бетте «Досқа наз» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.07.2019
  • 0
  • 0
  • 2790
І
Бала кезде бірге ойнадық талай біз,
Құпия емес, арман болған арай қыз.
Ал бүгінде бірімізге біріміз,
О, өмір-ай,
Сынай-барлай қараймыз.
Уақыт шіркін, жылжиды алға, тоқтамас,
Мөлдір көзде болмаушы еді өкпе наз...
Ал бүгінде білмегенсіп жүрсек те,
Тұрмыста да, жұмыста да бақталас.
Енді досым не десеңде өзің біл,
Жасты ойласақ толған кемел кезің бұл.
Соның бәрі деп білемін меніңше,
Ылайланғаны сонау мөлдір сезімнің.

ІІ
Ұқпадық па бұл өмірдің сырын біз,
Тек шаттықтың шырқаушы едік жырын біз,
Бәке, Сәке – деп жатымыз қазірде,
«Әй», – дейтін ек, «ей» – дейтін ек бұрын біз,
Ұқпадық па ұзақтығын қаншалық,
Атқызушы ек аппақ таңды ән салып.
Құшақтасып сәл шаттықтың өзіне,
Жатушы едік маңыз беріп соншалық.
Өзге нәрсе көңіліңді бөледі,
Ұмыт қалып балаң достық өлеңі.
Ал бүгінде көңілің босап тұрса да,
Қайғыға да,
Шаттыққа,
Байсалды боп көрінгің-ақ келеді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Досқа наз өлеңінің авторы кім?

Айтуар Өтегенов — осы өлеңнің авторы.

Досқа наз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Досқа наз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтуар Өтегенов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Досқа наз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері