Бетегеден биікпін, жусаннан аласамын – Кеңшілік Мырзабеков

Бұл бетте «Бетегеден биікпін, жусаннан аласамын» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.09.2020
  • 0
  • 0
  • 1124
Бетегеден биікпін, жусаннан аласамын,
Бұған бірақ қалай мен жарасамын?
Болашақтың қамы үшін төзейін-ақ,
Болмысымнан бөлек пе болашағым?
Болмысымнан бөлекке үйлесем бе,
Өзім алдап өзімді күй кешем бе?
Сый бергенім сияқты қорыққаннан,
Үйленгенім сияқты сүймесем де.
Болмысымнан бөлектің не керегі,
Болмысымды шектейді ол, шегереді.
Бәрін-бәрін бойыма өлшеп берген,
О, табиғат, не деген шебер еді?..
Болмысымның көгендес көгенегі,
Тыңдайыншы, жүрегім не дер еді?
Күбірлейді, мінеки, құлағыма:
«Болмысыңнан бөлектің не керегі,
Болмысыңды шектейді ол, шегереді».
«Бетегеден биікпін, жусаннан аласамын»
Бұған бірақ қалай мен жарасамын?
Болмысымды түсінбей бұйрық берген
Мінездегі мініммен таласамын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бетегеден биікпін, жусаннан аласамын өлеңінің авторы кім?

Кеңшілік Мырзабеков — осы өлеңнің авторы.

Бетегеден биікпін, жусаннан аласамын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бетегеден биікпін, жусаннан аласамын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кеңшілік Мырзабеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бетегеден биікпін, жусаннан аласамын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері