Жыл жыры

Бұл бетте «Жыл жыры» атты Қорғанбек Аманжолов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.01.2023
  • 0
  • 0
  • 706
Бір ғажайып келді жаңа жыл тағы,
Жанымызды жыл шуағы жылытады.
Әлди, әлди, жас балақан Жаңа жыл –
Уақыт деген ұлы патша ұрпағы.
Тереземе салып өрнек қырау гүл,
Келді, міне, ағыл-тегіл жырау жыл.
Сәби жылды бесігінде тербеткен
Көңілдерге түспесінші қылау бір.
Ұбақ-шұбақ ұлы көші уақыттың,
Жаңа жылым – жарқыраған жаһұттым.
Жаңа жылым, сыйла бізге қуаныш,
Татыр бізге балдай дәмін бақыттың!
Достар, достар!
Тағы да бір жыл жаңа.
Қадам басты ұрлана да нұрлана.
Жүректерде лүпілдейді жас үміт,
Ашылады, шашылады бүр жаңа.
Жаңа жылым, жұмбақсың-ау.
Кім білсін?!
Күміс күлкі, хрустальдай сыңғырсың.
Көкіректе арман толы күмбірсің.
Жаңа жылым жаз көңілмен жайнатып,
Жас сұлудай шаттандырып күлдірсін.
Жаңа жылдың шапағатты нұр таңы,
Достар, бізге құшақ жайып тұр тағы.
Артық болсын бір несібе, бір ырыс,
Биік болсын ән самғауы, жыр тағы.
Табыс та бар, шүкір, Алла, тұрмыс бар,
Жамандыққа бола берсін кім құштар?
Жаңа жылда жақсылықтың мерейі
Тым құрыса үстем тұрсын бір мысқал.
Жаңа жылда басқа бақыт іздемен.
Өз Отаным, өз үйімде – түзде емен.
Адал болсақ жылдың ақша қарындай,
Махаббат та, мархабат та бізбенен.
Өздеріңде, достар, барлық жақсылық,
Көздеріңде ұшқындаған жақсы үміт.
Жаңа жылда желбіретіп жалаудай,
Жақсылықты көтерейік бас қылып.
Қане, достар, көтерейік иықты,
Аңсайықшы қыран самғар биікті!
Құт дарытар Қыдыр ата сияқты,
Сәлем саған, Жаңа жылым сүйікті!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жыл жыры өлеңінің авторы кім?

Қорғанбек Аманжолов — осы өлеңнің авторы.

Жыл жыры өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жыл жыры өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қорғанбек Аманжолов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жыл жыры өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері