Өлең, жыр, ақындар

Ауылға қайтқанда

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 27.08.2020
  • 0
  • 0
  • 2092
Мектептен бірге қайтқан ақ сары қыз,
Әжімсіз ашық еді аспанымыз.
Әлдилеп әз көңілді сәби сезім,
Домалап өрге қарай тастарымыз.
Қайтқанда мінгесіп ап, атпал қырға
Әбзелі шекетулі мақпал жорға
Біздегі көңілдей боп шайқалатын
Баурына шып еткізіп сап қалғанда.
Сен онда алда отырдың тізгін тартып,
Жел қағып етегіңді қыжым барқыт.
Мен онда артта отырдым ерден ұстап,
Кездейсоқ қуанатын көзім тартып.
Күн қақан күрең жалы күлтеленіп,
Жорғамыз қарашыл мал үркек еді.
Даланың қау-көдесі қураған кез,
Қаңбаққа қаптап кеткен қыр кемері.
Күзгі күн күңгірт нұрын нарау сеуіп,
Аспанға әлсін-әлсін қараушы едік.
Жорғаның басы қатты, тізгін бермес,
Сен бірақ тебінуші ең маған сеніп.
Бір сезім басыма кеп буланады,
Жүрегім өрекпиді тулағалы.
...Кенеттен күрең жорға үркіп кетіп,
Жосықсыз жолсызбенен туралады.
Тарпаң ат тарпып тұяқ сілтегенде
Арқасы бір биіктеп, бір төмендеп.
Бос тартпа, ер мойынға кетіп қалып,
Құйғытып келе жатыр қыр кемерлеп.
Біз сонда әлденеге құмар ма едік,
Әйтпесе аман-сау қап жылар ма едік?
...Ерсі ғой, ерсі-ау, әттең, ерде отырып
Тізгінді мен ұстасам құлар ма едік?..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ауылға қайтқанда өлеңінің авторы кім?

Кеңшілік Мырзабеков — осы өлеңнің авторы.

Ауылға қайтқанда өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Ауылға қайтқанда өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кеңшілік Мырзабеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ауылға қайтқанда өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері