Іңгә – Кеңшілік Мырзабеков

Бұл бетте «Іңгә» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.08.2020
  • 0
  • 0
  • 1129
Іңгә, іңгә, іңгә, іңгә, іңгәла,
Іңгәлай ғой, іңгәлай ғой, бір бала.
Жарық дүние кілтін ашқан жалғыз үн –
Адамзатқа сол ғой ортақ тіл ғана.
Іңгә, іңгә...
Іңгәлай ғой, шаранам,
Тербетеді, ұйықтатады жан анаң.
Тербеу деген басталғаны қозғалыс –
Секундтарды, минуттарды санаған.
Іңгә, іңгә...
Іңгәлай ғой, бейкүнәм,
Анаң сені әлдилейді айтып ән.
Ән басталды дегеніңше, саған да
Сана бітті, бергені ғой ой – қылаң...
Іңгә, іңгә...
Іңгәлай ғой, бөбегім,
Кермек дәмді келте айтатын өлеңің.
Түсінерсің, күрсінерсің, ұғарсың,
Іңгәлаудың, үһілеудің себебін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Іңгә өлеңінің авторы кім?

Кеңшілік Мырзабеков — осы өлеңнің авторы.

Іңгә өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Іңгә өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кеңшілік Мырзабеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Іңгә өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері