Бала деме, баласынба баланы – Кеңшілік Мырзабеков

Бұл бетте «Бала деме, баласынба баланы» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған бала туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 02.09.2020
  • 0
  • 0
  • 2043
Бала деме, баласынба баланы,
Оның сенен оттырақ қой жанары.
Көп нәрседен аз болғанмен хабары,
Көп нәрседен қиялы оның жоғары.
Бала деме, баласынба, ертең-ақ
Тасты жарып шыға келер өр талап.
Заманыңның жасырма одан шындығын,
Өсірме оны көлеңкелеп, қалқалап.
Бала болса, бала шығар бүгін-ақ,
Уақыт ертең теңестірер зымырап.
Ол да ертең мұңаяр да, өкінер,
Басын тауға, басын тасқа ұрып ап.
Қайта қунап, қайта түлеп қуанар,
Тағдыр «сыйын» тәрк ете алмас, құп алар.
Топырағыңның қуаты мен құнары
Уақыт шайқап, көрсе байқап сыналар.
Бізге де уақыт берер сонда бағасын,
Ұрпағыңның көрерсің көзқарасын.
Балалық шақ оралады қайтадан
Сүю-күю арқылы өз баласын.
Бала деме, баласынба баланы,
Оның сенен күрделірек заманы.
Сен жетпеген жерге әлі-ақ жетеді,
Сен таппаған асылды әлі-ақ табады.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бала деме, баласынба баланы өлеңінің авторы кім?

Кеңшілік Мырзабеков — осы өлеңнің авторы.

Бала деме, баласынба баланы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бала деме, баласынба баланы өлеңі не туралы?

Бұл шығарма бала туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Бала деме, баласынба баланы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері