Телефонда – Кеңшілік Мырзабеков

Бұл бетте «Телефонда» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.08.2020
  • 0
  • 0
  • 1290
Төлеу аға, телефонмен сөйлестік,
Сөйлестік те, екі түрлі ой кештік...
Жүрегіңнің естіп тұрмын дүрсілін,
Кей сөзіңді кейде естімей, кейде естіп.
Бір сөз жетіп, бір сөз кетіп ауаға,
Тар будкада жан ұшырдым, беу, аға!
Сен үздігіп, мен үзіліп айтқан сөз
Сағынышқа, жарайтындай дауаға.
– Ел аман ба, әжем қалай, қыс қалай? –
Дегенімде ойым зулап ұшқаны-ай...
Ойым зулап, Ақшығанақ адырдың
Жүрді үстінде,
Жүрекке ыстық тұстары-ай.
Жүрекке ыстық жыңғыл төбе, арша бел,
Тобылғы сай қиып әкеп, қамшы өрер.
Ағажан-ай, аязында ақпанның
Ай жарықта шөп тасуға барса егер...
Деп ойладым, сен ойладың, мүмкін мен
Оның бәрін ұмытты ма деп, кім білген?..
...Интернаттың сары шанасы есімде
Шөпке, отынға барар кезек бір-бірден.
Көз алдымнан соның бәрі бір минут
Зымырады-ай бір қуаныш, бір мұң боп.
...Тарс еткіздім телефонның тұтқасын
Ей, Сағыныш, сиқырыңды білдім деп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Телефонда өлеңінің авторы кім?

Кеңшілік Мырзабеков — осы өлеңнің авторы.

Телефонда өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Телефонда өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кеңшілік Мырзабеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Телефонда өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері