Он сегіз жасар құралай – Кеңшілік Мырзабеков

Бұл бетте «Он сегіз жасар құралай» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.08.2020
  • 0
  • 0
  • 1285
Он сегіз жасар қыз едің
Он сегіз жасар өрімдей.
Ойда жоқта бой түзедің,
Қайда жүр едің көрінбей?..
Махаббат дейтін ауылға
Салған жоқ па едің ат-көлік?
Мап-майда жазғы жауынға
Көрген жоқ па едің тап болып?
Қараған көзді қандырмай,
Жандырмай кетпес қалқа қыз.
Қанатымызды талдырмай,
Қасыңа жақын қондырмай,
Қосылар ма екен ортамыз?..
Он сегіз жасар құралай,
Салқының түссе – өрерсің.
Ызғарына да шыдамай,
Ызғытып тұрып желерсің.
Ылдидан ырғып, белге өтіп,
Ылғи да, ылғи желдетіп,
Туған жеріңнің жүргенде
Төбелеріне төрлетіп,
Құмай қуса – құсасыз,
Тап бола көрме төбетке
Жіліншігіңе жел бекіп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Он сегіз жасар құралай өлеңінің авторы кім?

Кеңшілік Мырзабеков — осы өлеңнің авторы.

Он сегіз жасар құралай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Он сегіз жасар құралай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кеңшілік Мырзабеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Он сегіз жасар құралай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері