Өзің едің – Айтуар Өтегенов

Бұл бетте «Өзің едің» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1871
Әні: Айтқали Жайымовтікі

Қызғалдақтар гүл атқанда бақтағы,
Өзің едің өмірімнің ақ таңы.
Өзің едің қуанышым, бақытым,
Өзің едің жас жанымның тапқаны.
Бал күлкіңнен жанға ләззат алғаным,
Сен жүргенде нұрлы еді бар маңым.
Өзің едің жүректегі әнімде,
Өзің едің, өзің едің арманым.
Алау отын жүрегіңнің жақты кім,
Ұғасың ба көңілімнің ақтығын.
Өзің едің өмірімнің гүлі де,
Өзің едің, өзің едің шаттығым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өзің едің өлеңінің авторы кім?

Айтуар Өтегенов — осы өлеңнің авторы.

Өзің едің өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өзің едің өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтуар Өтегенов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өзің едің өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері