Ақ тырналар – Кәкімбек Салықов

Бұл бетте «Ақ тырналар» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Барады аспандатып ақ тырналар,
Тізілген бұлт төсінде ақ сырғалар.
Кетті ғой жылы жаққа жаутаң қағып,
Ғаламат жер бетінде таптырмаған.

Қайырмасы:
Ахау, ақ тырналар,
Ақ сырғалар.
Тұңғыш сезім,
Мөлдір кезім.
Толды ғой ақ сырғаға
Екі көзім.

Кең сайда ойнаушы еді лала гүлдей,
Кеткенін қалды-ау туған дала білмей.
Алыстан ғашық әнін естігенде.
Жүрегім лүпілдейді бала күндей.

Қайырмасы

Жан дауа сыйлы күндер көрген едім,
Сездім ғой қимай қанат сермегенін.
Тағдырдың ғашық жүрек бере салып,
Қарашы ұшар қанат бермегенін.

Қайырмасы


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақ тырналар өлеңінің авторы кім?

Кәкімбек Салықов — осы өлеңнің авторы.

Ақ тырналар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақ тырналар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кәкімбек Салықов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақ тырналар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері