Ат мінсем, құйындатып – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Ат мінсем, құйындатып» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.12.2015
  • 0
  • 1
  • 8859
Ат мінсем, құйындатып,
қалмаймын жігіттерден.
Айтыссам жиында, тек
жеңістен үміттенем.
Жіңішке жол қадамым
қызбын деп жасымадым.
Әзілмен бозбаланың
аузын ашырмадым.
Жеңе алмас сорлы бала
тағылау қыр үркегін!
Күй тартсам, домбырада
Даланы тірілтемін.
Іздеймін батыр, мықты
көз салып үміткерге:
мендегі батылдықты
бермепті жігіттерге!

1970


Пікірлер (1)

Зейнаб

Жақсы

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ат мінсем, құйындатып өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Ат мінсем, құйындатып өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ат мінсем, құйындатып өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ат мінсем, құйындатып өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері