Үйленген досқа – Айтуар Өтегенов

Бұл бетте «Үйленген досқа» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.07.2019
  • 0
  • 0
  • 2072
Бара қалсам үйіне мен, әзіл айтпай тұрмас көп,
Бара қалсам үйіне мен, қарсы алатын құрдас деп.
Ақ көңілі жұбайлардың ақтарылмай қалды ма,
Тамағы да, шарабы да дайын тұрар алдамда.
«Түссем-ау, деп, тойыңа бір, келген сайын ойдамын,
Үйленесің енді қашан, жалғыз басты бойдағым.
Біздер құсап қосылып ап (әзіліміз десек те),
Жатпайсың ба тыныш тауып, дөңбекшімей төсекте».
Дейді де ол наз айтқандай, нәркес көзбен арайлы,
Шаттанып кеп, күлімсіреп жан досыма қарайды.
Қызығамын осы бір сәт жарастыққа, наздыққа,
(Бізде сәулем хат арқылы, талай назды жаздық та).
Жас жұбайлар, ылғида алдан күн күлетін болсыншы,
Жүректерің қуанышқа, шын бақытқа толсыншы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Үйленген досқа өлеңінің авторы кім?

Айтуар Өтегенов — осы өлеңнің авторы.

Үйленген досқа өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Үйленген досқа өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтуар Өтегенов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Үйленген досқа өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері