Боз далам – Айтуар Өтегенов

Бұл бетте «Боз далам» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1518
Боз iнген дауыс – боз далам,
Ботасын iздеп боздаған.
Баз бiреу көңiлiн толқытып,
Баз бiреу шерiн қозғаған.
Боз жусан иiс – боз далам,
Бозторғай әуен маздаған.
Боз селеу биiк гүл атып,
Боз саулық егiз қоздаған.
Бойжеткен қылық – боз далам,
Айтатын ерке наз маған.
Байлығын шүлен таратып,
Бар кенiн әлi қазбаған.
Боз қоян жымды – боз далам,
Таптаса табан тозбаған.
Бөрiден қорғар үйiрiн,
Боз айғыр сынды азынаған.
Бұлдырық түстi – боз далам,
Бүркiтке жем бола жаздаған.
Қайғың мол мынау ғаламда,
Шаттығың да бар аздаған.
Бозбала мiнез – боз далам,
Сырың көп ешкiм жазбаған.
Азап-мұңыңа таң қалып,
Азаттығыңа мәз болам,
О, боз далам, боз далам!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Боз далам өлеңінің авторы кім?

Айтуар Өтегенов — осы өлеңнің авторы.

Боз далам өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Боз далам өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтуар Өтегенов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Боз далам өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері