Дәрібай қауымы басындағы ой – Айтуар Өтегенов

Бұл бетте «Дәрібай қауымы басындағы ой» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1439
О, Дәрiбай,
О, Дәрiбай,
Дәрiбай!
Тектi адамның тұқымысың,
Әрi мырза, әрi батыр, әрi бай.
Жомарт бабам сенен кейiн өкпелептi деп бiзге,
“Ұрпақтарым ұсақтапты торғай шоқыр тарыдай”.
Айтар болсам перзентiң боп сыр төге,
Бәрiңе де мекен бопты бiр төбе.
Жатырсыңдар, жатырсыңдар тып-тыныш,
Бiр төбеде мәңгi сапар бiр кеме.
Болсам егер шын сырымды баяндар,
Жапа шексем саған ұшам қанатымды жаям да.
Баба деймiн, әке деймiн, аға деймiн... мен солай...
Қарсы-ап менi.
Ертесiне мына сөздi кiргiзедi аянға:
“Аман жүрсiн деп тiлеушi ек қайда да,
Тағдырменен еш уақытта ойнама!
Ерте әлi қосылуға бiздерге,
Тындырмаған iстерiң көп, ей, Бала!
Тағдырменен еш уақытта ойнама!”
...Дейдi әке, дейдi аға, дейдi ана.
Осы сәтте, осы сәтте түнерген,
Ап-ашық боп шыға келер айнала.
Мұңлы ауыл, жырлы ауыл – Дәрiбай,
Жеттiк бiз де бостандыққа арымай.
Ұлы бабам Жомарт сынды ұл туар,
Бiр келiндi талғақ қыл,
Әрi мырза, әрi батыр, әрi бай,
О, Дәрiбай!
О, Дәрiбай,
Дәрiбай!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Дәрібай қауымы басындағы ой өлеңінің авторы кім?

Айтуар Өтегенов — осы өлеңнің авторы.

Дәрібай қауымы басындағы ой өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Дәрібай қауымы басындағы ой өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтуар Өтегенов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Дәрібай қауымы басындағы ой өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері