Ұры тіс

Бұл бетте «Ұры тіс» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.07.2019
  • 0
  • 0
  • 3601
– Ұнататын бұрын ойын, шабысты,
Оттамайды, қазiр iшi қабысты,
Құнан шығар кезiнде бұл құлаға,
Бiр жамандат жабысты,
Бiтiмiне iштей көңiлiм толатын,
Құйрық-жалы төгiлген, бейне мақпал қара түн.
Бүкiл табын жылқыны алдырмайтын қасқырға,
Қалыбайкөк айғырдың бел баласы болатын.
Бар айтарым, Құдеке,
Бар айтарым осы ендi,
Еңбегiңдi жемеспiн, кетiрмеспiн есеңдi.
Қан қатқандай iшiне оңалтпайтын жас малды,
Тауып берсең дауасын осы антұрған кеселдiң.
Жылқы десе биiк ұстар еңсенi,
Атбегi қарт, оған қоса емшi едi.
– Олай болса, Жұмақшамжан, көрелiк,
Деп, ағама құнан жақты меңзедi.
– Атасын да емдегенмiн аттатпайтын
қасқырды, –
Сөйлей жүрiп, жылқышыға құнан аузын аштырды.
Көп күн болған қалғанына от-судан,
Ал құнанның жанарында жас тұрды.
– Анау тiстi көрдiң бе,
Өсiп таңдай жарған-ды,
Ұры тiс ол, оттатпайтын сол малды.
Оның емi – дереу қағып тастаған,
Әкел шапқы, балғаңды...
...Содан кейiн құла құнан,
Терiн төктi кездерiнде терлейтiн,
Өрге ұмтылды кездерiнде өрлейтiн.
Айғырлардың бiрi болды атақты,
Өз үйiрiн бөрiлерге бермейтiн.
Зерделер бар тек жақсылық жиятын,
Кеуделер бар үлкен жүрек сиятын.
Содан кейiн болып алды Ағам да,
Ұры тiстi қағатын,
Киеңкiнi қиятын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұры тіс өлеңінің авторы кім?

Айтуар Өтегенов — осы өлеңнің авторы.

Ұры тіс өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ұры тіс өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтуар Өтегенов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ұры тіс өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері