Жүрек толғауы

Бұл бетте «Жүрек толғауы» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 18.10.2021
  • 0
  • 0
  • 1595
Өткеннің орны толмайды,
Өкініп жүрек толғайды.
Батасыз құлдар болғанмен,
Атасыз ұлдар болмайды.

Қайырмасы:
Атадан қалған жер қайда?
Арыстан жүрек ер қайда?
Ұрпағы қорған болмаса,
Біреулер келіп қорғай ма?
Елім-­ай!
Жерім-­ай!
Елім­-ай!
Жерім-­ай!
Қайран өмір-ай!
Еңістен келіп өрді алды,
Есіктен кіріп төрді алды.
Тоналып біткен қазағым,
Аянар енді нең қалды?!

Қайырмасы.

Бабаның бар ғой киесі,
Даланың бар ғой иесі.
Іштегі дертті қозғаса,
Пенденің босар жүйесі.

Қайырмасы.

Бұлаңдап заман алдай ма,
Жазғаны сол ма маңдайға?
Қайырылған қайсар қанатым,
Қайтадан көкке самғай ма?

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жүрек толғауы өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Жүрек толғауы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жүрек толғауы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Несіпбек Айтұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жүрек толғауы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері