Қуан, қазақ, күн туды қуанатын!

Бұл бетте «Қуан, қазақ, күн туды қуанатын!» атты Базарбай Исаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.11.2019
  • 0
  • 5
  • 23352
Ендіктерді аралап еркін дүбір,
Алаулатты керемет көркіңді нұр.
Алақайлап аспанға атып тұрып,
Берекелі бастағы бөркіңді бір...
Қуан, қазақ!
Күн туды қуанатын!

Қазақ елі азат,
Қазақ жері азат,
Қазақ ері азат,
Бұдан нұрлы шақ бар ма?
Бұдан асар бақ бар ма?
Қуан, қазақ!
Күн туды қуанатын!

Әдіптеді арманды әуелгі үміт,
Кекете алмас қазақты жау ел күліп...
Тәуелсіздік туындай биік еңсең,
Кетті бүгін келмеске тәуелділік...
Қуан, қазақ!
Күн туды қуанатын!

Қазақ елі азат,
Қазақ жері азат,
Қазақ ері азат,
Бұдан нұрлы шақ бар ма?
Бұдан асар бақ бар ма?!
Қуан, қазақ!
Күн туды қуанатын!

Төрт түліктен майысып арқа, белдер,
Тойлап жатыр ой, қырда дарқан ерлер...
Танып жатыр, мойындап Қазақ Елін
Танығысы келмейтін тарпаң елдер...
Қуан, қазақ!
Күн туды қуанатын!

Қазақ елі азат,
Қазақ жері азат,
Қазақ ері азат,
Бұдан нұрлы шақ бар ма?!
Бұдан асар бақ бар ма?!
Қуан, қазақ!
Күн туды қуанатын!


Пікірлер (5)

БАЛЖАН

Маған ұнады сізге де ұнады деп ойлаймын!!

Жұлдыз

Өте керемет

Бексұлтан

Өте керемет жаттау

нұрислам

өте керемет

Анаргүл Абайқызы

Патриоттық сезімді оятатын,рухты көтеретін өлең екен

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қуан, қазақ, күн туды қуанатын! өлеңінің авторы кім?

Базарбай Исаев — осы өлеңнің авторы.

Қуан, қазақ, күн туды қуанатын! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қуан, қазақ, күн туды қуанатын! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Базарбай Исаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қуан, қазақ, күн туды қуанатын! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері