Өлең, жыр, ақындар

Сәби тілегі

  • 18.10.2021
  • 0
  • 0
  • 1878
Тұрасың жүрек төрінде,
Анашым, әкем екеуің.
Ең алғаш ұқтым өмірде,
Бақытым сендер екенін.

Қайырмасы:
Әке мен ана жүрегі –
Сәбидің мәңгі мекені!
Жанымда менің үнемі,
Екеуің жүрсең жетеді!

Мойныңа күнде асылған,
Бақытты сәтті тілеймін.
Біреуің менің қасымнан
Алыстап кетсең жүдеймін!

Қайырмасы.

Мейірі әке-шешенің
Жанымды нұрмен жуады.
Күн сайын жайнап өсемін,
Төгіліп тұрса шуағы!

Қайырмасы.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ақбөкен

  • 0
  • 1

Дертімді менің қозғама,
Онсыз да ғұмыр аз ғана.
Айта алмай кеткен сырым бар
Жадырап тұрған жазға да.

Толық

Ақ сауыт – ақ көйлегің

  • 0
  • 0

Жылдардың артқа тастап сан белесін,
Жақсы аға, алға тартып сен келесің.
Киелі қара сөздің қуатымен,
Халқыңа қысылғанда дем бересің.

Толық

Қыздар күні

  • 0
  • 0

Бүгін – бүкіл әлемде қыздар күні,
Орындалар тек қана қыз жарлығы.
Қыздар күні – сауықтың қызған күні,
Білінбейді күннің де ызғарлығы.

Толық