Сәбит ағаға – Тәкен Әлімқұлов

Бұл бетте «Сәбит ағаға» атты Тәкен Әлімқұлов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.12.2020
  • 0
  • 0
  • 962
Бәйгеден сансыз келген жүйрік тарлан,
Сонда да таусылмайды тірлікте арман.
Алпыстың аскарынан талпынады,
Бұлдырап алты белес алпыс қалған.
Зер салсаң қалам атты қадамыңа,
Уәй, Сәке, Сіз бір жүйрік саналыға,
Жүректің қазынасын шашыпсың мол,
Керегін әркім іздеп алады да.
Бір өзің халқыңның бір ғасырындай.
Қолдағы жақсы-жаман асылындай,
Той деген біреуге ермек, біреуге сын.
Барымды алып келдім жасырынбай.
Өмірдің бесігі әлі ерте дейміз.
Жаныңа шаңқай түстей еркелейміз.
Сақтаған жарты ғасыр сөз шарабын,
Құмарта жұртқа жалпақ берсе дейміз.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сәбит ағаға өлеңінің авторы кім?

Тәкен Әлімқұлов — осы өлеңнің авторы.

Сәбит ағаға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сәбит ағаға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тәкен Әлімқұлов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сәбит ағаға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері