Ана – danaibragimova

Бұл бетте «Ана» атты danaibragimova жазған ана туралы өлең берілген.

Ана деген - жүректің бөлігі ғой,
Ана деген - тәрбиенің тұғыры ғой.
Бес күндік мына жалған өмірде,
Бар әлем түңіліп кетседе,
Аналар қартаймаса ғой.

Ана болар тек балаға пана,
Бала деп жан берер ана ғана,
Ана ғана болар әркез бекен,
Аналар қартаймаса екен.
Анам деп менде ән жаза алам,
Анам деп сенімен әнге салам,
Жетпейді ғой құр сөзбен арнау
Ананың ақ сүтіне тең келмес жер мен тау.
Анашым, анашым, анам менің,
Әрқашан көрсем ғой күлкіңді сенің,
Күні-түні уайымдап, балам деген
Ағарды-ау қолаң шашың сенің.
Әкемсіз бірге күндер кештік,
Талай шешімді бірге шештік.
Сонда да сен берілмедің,
Сонда да бір демалып, керілмедің.
Мақтан етем мен анашым сені,
Өсірген үшін жалғыз өзің мені.
Көрдің бе? Бойжеткен қыз болдым
Өзіңе қолғанат пен көмек болар,
Арқа сүйер қызың мен болдым.
Түссе де алдымызға қанша қатер,
Өзіңменен тезірек олар өтіп кетер.
Тек аман бол, ардақты ана,
Тек өзіңсің маған бақ пен пана.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар