«Сіз-бізі» мол салтанат – Жадыра Дәрібаева

Бұл бетте ««Сіз-бізі» мол салтанат» атты Жадыра Дәрібаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.07.2020
  • 0
  • 0
  • 1420
«Сіз-бізі» мол салтанат,
Болмысыңнан айныма,
Шаттық құшқан шартарап,
Жол бермеші қайғыға.
Ынтызармын пәктікке,
Ойлағым жоқ мұң жайлы,
Иіп шексіз мәрттікке
Жер тәні де бусайды.
Ығысады ызғар да,
Лебіздерден шуақты,
«Сіз – бізіміз» тұрғанда
Көркем дүние қуатты!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері