Көңілсіз өлең
Бұл бетте «Көңілсіз өлең» атты Сымбат Сабырханова жазған поэзия туралы өлең берілген.
Жүректің мұңын көп тыңдадым ба?
Көңілсіз болып барамын.
Сенделіп жүрмін мына ғасырда,
Өмірдің таппай тарауын.
Мендегі ойдың байламы қиын,
Жегідей жейді өзімді.
Бұдан алар жалғыз бір түйін,
Сағынам өткен кезімді.
Бәлкім тым ерке болдым ба екен?
Алаңсыз күндер кешіппін.
Ересек болып келгеннен бері,
Ой жиегіне көшіппін.
Иа мен ақын емеспін кәзір,
Шығармаймын дастандар.
Сын айтушы көпқой маған,
Шығарсын жолын басқандар.
- Бенедикт Спиноза
- Ясунари Кавабата
- Мұстафа Шоқай
- Абай Құнанбайұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі