Қайырын берсе түбі

Бұл бетте «Қайырын берсе түбі» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 26.09.2021
  • 0
  • 0
  • 673
Ақтарыл ернеуіңнен, төгіл, жүрек,
Қалмасын қапа көрген өмір жүдеп.
Қобыздай күңіренбей қайғы шалған,
Бір сәтке болайыншы көңілдірек.
Астында қас қағымның жатыр ғалам,
Нөсердей ағыл­тегіл лақылдаған.
Кенеттен ыстық сезім лапылдаған,
Найзағай ашық күнде шатырлаған.
Тұрса да ақырзаман аран ашып,
Кетесің от пен суға араласып.
Кіресің тылсым дүние құшағына,
Дауылмен жалғыз өзің жағаласып.
Сескенбей, қатер төнсін, қай жағыңнан,
Соқса да қара дауыл майда құмнан,
Тотықпай асыл жүзің айға бұрған,
Жарқылдап жел еседі айдарыңнан.
Тыйылып ащы зары аңыраудың,
Қайтады қаһары да долы жаудың.
Тіл бітіп меңірейген мылқауға да,
Ашылар тас құлағы саңыраудың.
Аруақ та көтеріліп тыныш жатқан,
Балқиды қасіретің құрыш батпан.
Қолы да қарақшының қалтырайды
Жуастың желкесіне қылыш шапқан.
Ғаламға сәуле шашып шақша басың,
Түкпірін түнектің де ақтарасың.
Періште, пайғамбар да, патшадасың,
Аждаһа аузынан да бақ табасың.
Рахат, шапағатқа мейір қанар,
Жоғалып арсыз ниет пейілді алар.
Анаңнан қайта туып келгендей боп,
Азабың, тозабың да кейін қалар.
Күпінген желбуаздар төсін қағып,
Күнелтер көрінгеннің пешін жағып.
Шығады судан алтын балықтай боп,
Балтадай батып кеткен есіл ғарып.
Жабықсын, мейлі, жалған құлазысын,
Осы үшін тіршілікке разысың.
Қайырын берсе түбі қатал тағдыр,
Садақа – зая кеткен біраз ісің...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қайырын берсе түбі өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Қайырын берсе түбі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қайырын берсе түбі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Несіпбек Айтұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қайырын берсе түбі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері