Жүрек ұраны

Бұл бетте «Жүрек ұраны» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 24.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1385
Күндерім құстай зулайды,
Тынымсыз қағып қанатын.
Әкеле көрме мұң-қайғы,
Секундтарым мен сағатым.
Күлкімді кейде күрмедім,
Алдымда меңіреу түн бардай.
Әлемнің бұлты бір менің
Басымда ғана тұрғандай.
Қоя алмай ойға бір нүкте,
Қайғысын жердің тартамын.
Жауыздық барда тірлікте,
Әйтеуір дәйім қорқамын.
Қорқамын
Жансыз тастың да
Жаныма мұңы батқандай.
Қас қағым сәттің астында
Сұмдықтар бұғып жатқандай.
Зұлымдықтардан жинап от,
Зобалаң өрті жетердей.
Жүрегім Хиросима боп,
Күл болып жанып кетердей.
Түсердей дүние торға кеп,
Қауіптен көзді жазбаймын.
Бомбаны құртар бомба боп,
Жарылып кете жаздаймын.
Жырларым – жүрек қанатым,
Алып ұш мені әр таңда.
Секундтарым мен сағатым,
Түсіре көрме сарсаңға.
Сілкінсін орман, кең дала,
Әкел тек шаттық дауылын.
Көтерер қара жер ғана
Жердегі бұлттың ауырын.
Тіл бітіп мылқау тастарға,
Сөйлесін кенші бұрғысы.
Ракета емес,
Аспанда
Зуылдап ұшсын жыл құсы.
Таусылып талас, бар егес,
Бомбадан әлем босасын!
Сүңгуір қайықтар емес,
Киттердің күні жасасын!!!

1983


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жүрек ұраны өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Жүрек ұраны өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жүрек ұраны өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Несіпбек Айтұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жүрек ұраны өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері