Пайдасыз ойыншықтар – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Пайдасыз ойыншықтар» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 09.07.2019
  • 0
  • 0
  • 2291
Ахметтің үйінде
Ойыншықтар есепсіз.
Ұстатпайды бірін де,
Ойнайықшы десек біз.
– Мынау – менің қойларым,
Мынау – күшті піл, – дейді.
Қайсысымен ойнарын
Бірақ, өзі білмейді.
Пайдаға аспай тек тозды
Ойыншықтың біразы.
Бұл ісіне көп досы
Емес, тіпті, разы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері