Жасырынбақ – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Жасырынбақ» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1797
Ойнайық деп жасырынбақ,
Інім сұрап қоймады.
Сөйтті-дағы ақырындап,
Тығылуды ойлады.
Содан кейін: «болдым, аға,
Ал, көзіңді жап», – деді.
Жамыла сап тонды ғана:
«Қайда тұрмын, тап?» – деді.
Айла, амалын асырғанмен,
Бәз-баяғы, баяғы.
Кеуде жағын жасырғанмен,
Ашық қалды аяғы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жасырынбақ өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Жасырынбақ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жасырынбақ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жасырынбақ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері