Жер мен жырдың салмағы – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Жер мен жырдың салмағы» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1242
6 000 000 000 000 000 000!
Санап шығып осынау бір таңбаны,
Алты секстрильон тонна дер
Жер шарының салмағы.
(Т. МЕДЕТБЕКОВ. Дауыс. 5-бет)
Әркімнің бар басында бір арманы,
Келер сірә тарихта өшпей қалмағы.
Біреулер жүр тыным таппай күн-түні,
Талдауменен тастардағы таңбаны.
Әркімнің бар басында бір арманы.
Көрші барып қой өсірген ферманы
«Мал баққанның малдан басқа мұңы жоқ»,
Керегі оған – қошқарының салмағы.
Әркімнің бар басында бір арманы,
Санап көрші он сегіз ноль танбаны...
Келе жатыр қинауменен, ал, мені
Қара жер мен қара өлеңнің салмағы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жер мен жырдың салмағы өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Жер мен жырдың салмағы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жер мен жырдың салмағы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жер мен жырдың салмағы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері