Бір бастағы бір өмір көрінеді аз маған – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Бір бастағы бір өмір көрінеді аз маған» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өмір туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 667
Бір бастағы бір өмір көрінеді аз маған,
Үлгермейтін секілді шалқып отым маздаған.
Үлгермейтін секілді бір бақытым оралып,
Кетем бе алып өзіммен жырларымды жазбаған...
Кетем бе алып, сезімге қара бұлты жаумаған,
Кетем бе алып, көзіме сағым белді аунаған.
Қайран уақыт, қайтейін қарғып бастан барасың,
Қызуымды қызыма беріп менен аумаған...
Кетем бе алып, кеудеме таңғы күннің шуағын,
Өшіремін мен неге өмірімнің шырағын.
Қайта келем жарыққа жаным, қызым, өзің боп,
Қайтадан мен жарыққа өзің болып туамын.
Қайта келем өмірге, кеудеме алып жаңа үміт,
Жаратылыс заңынан, қалар сонда жаңылып.
Айтыңдаршы достарым, бір ән салмай ортаңда
Қалай жатам тып-тыныш бір төбені жамылып...
Бір басымда бір өмір тұрғанда өтем үлгеріп,
Арды сатып пендеге жүргемін жоқ күн көріп.
Жатсам-дағы осынау туған жердің қырында,
Бір арманым жайқалар, орынымда гүл болып...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бір бастағы бір өмір көрінеді аз маған өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Бір бастағы бір өмір көрінеді аз маған өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бір бастағы бір өмір көрінеді аз маған өлеңі не туралы?

Бұл шығарма өмір туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Бір бастағы бір өмір көрінеді аз маған өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері