Еркелеп келші маған, еркін өлең – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Еркелеп келші маған, еркін өлең» атты Қанипа Бұғыбаева жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 675
Еркелеп келші маған, еркін өлең,
Шабыттың жандыра алсаң өртіменен.
Көңілдің көк жиегін түріп тастап,
Аспандай жауып-жауып серпілер ем.
Семсердей екі жүзді асылданып,
Жарқылдап, көзді қарып, жасылданып.
Енсеңші, түсіме бір жүргенімде –
Не болса соған жиі ашуланып.
Сеземін уақыттың көп тұрмасын,
Жастықтың шарқ ұрсам да, таптырмасын.
Жаза алмай жүрген мен бе, өлең, сені,
Қойшы, – деп жазбай жүрген жоқпын ба шын!
Еркелеп келші, кәне, ырғақтарым,
Жайнатып жасыл көктің гүл бақтарын.
Жатырқап өзімді-өзім жүрмін бе әлде,
Қойғандай сезгенімнің жырлап бәрін?
Қуалап, дауыл болсаң, жетейін мен,
Кетпедің күндіз-түні көкейімнен.
Бір жырға әрең тапқан нүкте қойсам,
Армансызбын,
Қалғып-ақ кетейін мен!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Еркелеп келші маған, еркін өлең өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Еркелеп келші маған, еркін өлең өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Еркелеп келші маған, еркін өлең өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Еркелеп келші маған, еркін өлең өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері