Тырналар – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Тырналар» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 13.07.2019
  • 0
  • 0
  • 2969
Ұшасыңдар қалықтып,
Барар жерді анықтап,
Тырау, тырау, тырналар.
Көкті бүркеп күзгі бұлт,
Ысқырады ызғырық,
Тырау, тырау, тырналар.
Қуаңданып атырап,
Сарғыш тартты атырап,
Тырау, тырау, тырналар.
Көре алмайсың көгалды,
Шалғын құрақ жоғалды,
Тырау, тырау, тырналар.
Талдар тонын тастады,
Құстар кете бастады,
Тырау, тырау, тырналар.
Ұшасыңдар сендер де
Күн қызуы мол жерге,
Тырау, тырау, тырналар.
Жазда қайтып келіңдер,
Әнмен сәлем беріңдер,
Тырау, тырау, тырналар.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тырналар өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Тырналар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тырналар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тырналар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері