Оқушылар жыры – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Оқушылар жыры» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 13.07.2019
  • 0
  • 1
  • 3322
Бақытты біздер баламыз,
Баулығын Отан – анамыз.
Көңілде шексіз қуаныш,
Шырқатып әнге саламыз.
Күлімдеп көкте күніміз,
Құлпырып қырда гүліміз,
Жанымыз нұрға бөленіп,
Шалқиды шаттық жырымыз.
Табиғат сырын ашамыз,
Өмірге өнер шашамыз.
Асу жоқ біздер алмайтын,
Үнемі алға басамыз.
Бақыттың қайнар бұлағы,
Өмірдің өшпес шырағы,
Сүйеміз жарқын өмірді –
Сүйікті елдің жыр-әні.


Пікірлер (1)

Шаттық

Тақпақ

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Оқушылар жыры өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Оқушылар жыры өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Оқушылар жыры өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Оқушылар жыры өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері